|
21.09.2018 | 22:16
1631

Демалыс күндері «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы алдағы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламалардың анонсын назарларыңызға ұсынады.

Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасын алып жатқан алтын бесік – Атажұрт тарихындағы, Ұлы дала төсіндегі елеулі ерліктер. Сенбі, 22 қыркүйек күні «Көшпенділер» көркем фильмін көріңіздер!

Отырар жайында бір үзік сыр. Қасиетті мекеннің тумасы кімді сынақтан өткізді? «Беу, туған жер!» бағдарламасын сенбі, 22 қыркүйек күні сағат 21.00-де тамашалаңыздар!  

Нотасыз жазылған жырлар. Қазақтың Табылды ақынын еске алу. Сенбі, 22 қыркүйек күні сағат 22.00-де «Сәуле - Ғұмыр» бағдарламасын жіберіп алмаңыздар!

Жігер Ауыпбаев неге назалы? Баян Мақсатқызы кімге түкірді? Жан Ахмадиев саунада ұсталып қалды. Еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары жайында білгіңіз келсе жексенбі, 23 қыркүйек күні сағат 12.00-де «Әңгіме болсын» бағдарламасын жіберіп алмаңыз!

Киелі мекен – Түркістанның тумасы Тілеуқабыл Мыңжасар қандай құрметке бөленді? Естен кетпес естеліктер «Беу, туған жер» бағдарламасында. Жексенбі, 22 қыркүйек күні сағат 21.00-де жіберіп алмаңыздар!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

телегид
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир