|
08.11.2017 | 17:30
1248

Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташеваға сөгіс жариялауды тапсырды. Ол Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің адамның жеке басына қатысты мәлімметтерді жариялап жіберген қателігіне байланысты қолданылған шаралардың жеткіліксіз екендігін айтты.

Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер болмайтынына сенім білдірді. Айта кетейік, бұған дейін алматылық Анна Дмитриевич Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері өзінің жеке басына қатысты мәліметті таратқанын хабарлады. Дерек әшкере болғасын,  Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО қызметкері, бөлім басшысы және қалалық департамент директоры жұмыстан шығарылған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сөгіс
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир