|
02.12.2016 | 12:01
2342

«Абырой» Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы майданда қаза тапқандарды ұлықтады

Тарих бетінде қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де, қырғынды күндердің елесі ардагерлердің әлі күнге дейін көз алдында. Алматы қаласы «Абырой» Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы майданда қаза тапқандарды ұлықтады.  Соғысы ардагерлеріне, құрбан болған сарбаздардың жесірлері мен ата-аналарына арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, ақшалай көмек көрсетілді. Жиын Тұңғыш Президент күні мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған. Шараға арнайы шақырылған қонақтар мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке ризашылықтарын білдірді.

«Көшенің атын берді. Бізге де жағдай жасап, міне, шақырып жатыр. Жұрт аман болсын, қарақтарым. Елге де, сендерге де, бәріне рахмет! Баламның жаны жәннатта болсын!», - деді Бейқұтқан ҮРКІМБАЕВА.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл қайырымдылық шарасы арқылы опат болған сарбаздарды еске аламыз дейді Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы. Мұқтаж жандарға көмектесуді ардагерлер парыз санайтындарын жасырмады. 

«Өкінішке орай, жиынға шақырылғандардың біразы денсаулықтарына байланысты келе алмады. Жиналған қаржылай көмекті конвертке салып, ауруханаға немесе үйлеріне апарып береміз. Өйткені мұқтаж жандарға көмек көрсету біздің парызымыз», - деді Алматы қаласы "Абырой" Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әли ДАУЫЛБЕК.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир