|
16.08.2018 | 19:09
2016

Ақтау авиациялық базасындағы жойғыш ұшақтарға 30 жыл болған

Еліміздің батыс аймағының әуе кеңістігін күзетіп жүрген жойғыш ұшақтарға отыз жыл болған. Ақтау авиациялық базасының басшылары заманауи ұшақ алу заман талабы болса да, ескі  жойғыш ұшақтар кемінде тағы бес жылға дейін жарамды дейді. Батыстағы төрт облыстың тыныштығына жауапты әскери техникалар мен жауынгерлердің жігері қандай?  

Су-27 жойғыш ұшақтарымен аспанда сан түрлі трюк жасап, әуе көлігін еркін меңгерген елдегі санаулы маманның бірі – Жәнібек  Мирашұлы. 25 жылдық тәжірибесі бар Жәнібек қазір Ақтау авиациялық базасының басшысы. Байлыққа толы батыс өңірінің бүгінгі қауіпсіздігіне жауапты ұшқыш бомбалаушы ұшақтарға отыз жыл толғанын айтады. Ал жаңа техникамен қамту – заман талабы дейді.

«Құрылғанына алты жыл болған авиациялық база елімізде біреу-ақ. Себебі, әуежайда тікұшақ, бомбалаушы және әскери қару таситын әуе машиналарының барлығы бар», – деді Ақтау авиациялық базасының командирі Жәнібек ЖҰМАШОВ.  

Бұл құрлық әскері, авиациялық қорғаныс және теңіз соғыс техникалары топталған ерекше аймақ. Бес мемлекетпен шектесетін теңіздегі бізге тиесілі байлықтың бүлінбеуіне жауапты әскери гарнизонда сақтық шарасы сәт сайын жасалып, қарайғанның бәрін қалт жібермей қадағалайды. Жаттығудан босамайтын орынның бірі – батыс өңірдегі ең үлкен Оймашы полигоны.

Ал мынау түнгі уақыттағы соғыс жағдайына шыққан сарбаздардың сәті. Сайын даланың сайыпқыран сарбаздары жаудың рөліндегі қаптап келген қалың нөпірді тоқтатуы тиіс. Түнгі тапсырмада пулемет, артиллерия, БТР-80, зениттік қондырғы-23,  автоматты граната атқыш, қол граната атқышы сынды қарулармен бір сәтте тойтарыс берулері тиіс.


«Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе сынды төрт облыстың шекаралық тыныштығын күзетіп тұрған гарнизонда тек құрлық әскері бойынша 8 үлкен бөлімше бар. Елдегі жетпіс мыңнан астам сарбаздың тек төрт мыңы осы батыста», – деді Батыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Серік СЕЙІТБАЕВ.


Әмірболат Құсайынұлы, Ескендір Тоғысбаев, «Алматы» телеарнасы, Маңғыстау облысынан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир