|
05.04.2018 | 19:50
1407

Ақтөбеде тележүргізуші лифт ішінде қаза тапты

Ақтөбеде оқыс оқиға. 10 қабатты үйдің жеделсатысында анасы қызының көз алдында қайтыс болды. Белгілі болғандай, лифтке қызымен бірге мінбек болған 28 жастағы келіншектің аяғы қысылып қалған. Алған жарақаты ауыр болғандықтан, тілге келместен жан тәсілім еткен. Қайғылы жәйт 4 сәуір күні болды. Дәрігерлер кішкентай қыздың жағдайы дұрыс, дейді. Оны құтқарушылар алып шыққан. Айта кетейік, жеделсаты ішінде қаза болған келіншек «Қазақстан-Ақтөбе» арнасында тележүргізуші болған.

«Әйел жедел сатыға үш жасар баламен бірге кірген. Бірақ ойламаған жерден аяғы лифтінің арғы жағында қалып қалған. Кейін есік тарс жабылып, жедел саты бірден жүріп кеткен. Азаматшаның аяғы кесіліп, оқиға орнында жан тәсілім етті. Ал бала дін аман», - деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бөлімшесі бас дәрігерінің орынбасары Дастан НЕТАЛИЕВА.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Ақтөбе
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир