Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Ақын Айнұр Төлеудің «Отқарақ» атты кітабы оқырманға жол тартты

Кеше Алматы қаласында, ақын  Айнұр Төлеудің  «Отқарақ» атты кітабының тұсаукесер шарасы өтті. Үш бөлімнен тұратын кітаптың тұсаукесері "Алматының  алтын тәжісі" аталып кеткен  "Қазақстан" қонақ үйінің  «Алтын емел» залында кесілді – деп хабарлайды qazaqtimes.com.

Шараны ақын, публицист Жанарбек  Әшімжан  жүргізіп, мемлекет және қоғам қайраткері, Орталық Азиядағы  халықаралық  есірткімен  күрес орталығы директорының орынбасары, генерал-майор Әділ  Шаяхметов пен «Еңбек  ардагері»  Айнұр Төлеудің  ұстазы Орынша Қарабалина кітаптың тұсауын кесті.  Презентация кезінде белгілі  сазгер  Айгүл Бажанова  автордың сөзіне жазылған  «Бір тамшы» деп аталатын  әнінің де  тұсауын кесті.  Сонымен бірге, Жігер Сатхановтың "Сүйемін сені, Астана" атты әні де тыңдарман назарына ұсынылды.

"Отқарақтың" авторы, ақын Айнұр Төлеу бұдан өзге, әнші Рауза  Аманның ән қоржынындағы  Ербол Спаналивтің «Анама», Қанат Әділханның орындауымен тыңдарманға жеткен «Ұнатқаным сен» қатарлы әндердің сөзін жазған. Тұсаукесерде аталған өнерпаздар да әнмен шашу шашты. 

Шара соңында автор оқырмандарымен естелік суретке түсіп, қолтаңба ұсынды.