|
04.11.2017 | 17:04
1501

«Алатауды жаңғыртты домбыра мен қомузым» атты кеш өтті

Алматы - мәдениет пен өнер ордасы. Апта көлемінде қалада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, алматылықтар мен қала қонақтарын ерекше атмосферада ұстағаны жасырын емес. Екі күн бұрын бірінші халықаралық «Amanat Music» республикалық конкурс фестивалі басталды. Ал осы шара аясында «Алатауды жаңғыртты домбыра мен қомузым» атты Қазақстан және Қырғыз дәстүрлі өнер шеберлерінің концерті өтті. Бұдан бөлек алдағы демалыста көрермендерді қандай шаралар күтіп тұр?

Тамыры тереңнен тартқан екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мен қазақ-қырғыз өнерін насихаттауда ұйымдастырылған бұл алғашқы жоба. Кеш барысында екі ел өнерпаздары көрермендерін ақындар айтысы, ән айтыс, күй тартыс және би жарысымен тәнті етті.

Айта кетейік, «Аманат Мюзик» І халықаралық конкурс фестиваліне 5-25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс-жақын шетелден келген талан иелері бар. Алматылықтар мен қала қонақтары жас дарындардың өнерін Алатау дәстүрлі өнер театрында тамашалай алады. Ал 4 қараша сағат 16-00-де гала концертте конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

«Азғантай ғана уақыттың ішінде елімізден және шет мемлекеттен 130 баланың бақ сынауға келуі, біз үшін күтпеген жағдай. Біз мұны дамытуымыз керек», - деді  «Аманат» өнер орталығының жетекшісі, әнші Сәуле ЖАНПЕЙІСОВА.

«Анаға арналған әндер..». Осы жексенбі Әуезов театырның сахнасында опера әншісі Зарина Алтынбаева өзінің алғашқы ән кешін өткізеді.

Осы күндері Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Ислам мәдениеті арқау болған өнер иелері туындыларының көрмесі өтуде.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, Алматы телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

өнер
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир