|
12.04.2018 | 19:42
2069

Алматы облысында «Қалқан -2018» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Алматы облысында «Қалқан - 2018» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Атыс алаңында ұзақ жыл шекара шебіне шыныққан әскерлер емес, курсанттар шыққан. Ондағы мақсат - жуырда диплом алып, Отан қорғауға аттанатын жас офицерлердің жігерін жану, күтпеген қауіпке қаншалықты қарсы тұра алатындарын қарау.

4 жыл жинаған білімдерін тәжірибеде көрсетіп жатқан курсанттар  ашық айқасқа кірісіп кеткен. Соғысқа сақадай саймыз деген сарбаздар мен жас офицерлер  етектегі жауды жоюы тиіс. Бірақ техника  мен тың күшке сүйенген жауда тегеурінді қарсылық танытып жатыр.

Күтпеген жерден күзетті күйретіп өткен белгісіз күш құрылымдарына қарсы шыққан курсанттар жаудың бетін бірден қайтара алған жоқ. Бұйрыққа бағынып, бұқпайлай атысқа көшкенмен бірден бас көтере алмай, тек тік ұшақ пен танк, бронды техникалар көмекке келген соң ғана қарсыласты кері қайтарды. 

«Жас офицерлердің бойындағы қасиеттердің бірі ол шыдамдылық, екінші төзімділік және өзінің айтқанын істете алуы. Білім мен дағдыны және өзімізге керекті іс-әрекеттерді үйренеміз», - деді  ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының білімгері  Нұржан УМАШОВ.

Айқас алаңы әскери білім көкжиегін кеңейтіп, мінезді шыңдайды, кемшіліктің орнын толтырып, теориялық білімді іске айналдырудың жолын тыңдайды, тексереді. Моральді-психологиялық  мүмкіндікте  қадағалау да күшейтіледі. Жаттығудың жетістігіде де осы.

«Шекараға барып, өздерінің тікелей міндетеріне кіріскен кезде күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін. Сол кезде өздерінің рухтарын жоғалтпай, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету. Кемшіліктер бірең-саран. Тек қана сол бүркеніш талаптарының сақталмауы, одан кейін курсанттардың жаңағы жарақтарының, экипировканың дұрыс сақталмауы сияқты», - деді  ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының полковнигі Қанатбек СОЛТАНОВ.

Бұл оқу жаттығу ғана. Ал шынайы басқыншылық басталса, саптағы сарбаздардан сасқалақтап, қиындыққа тап келері сөзсіз. Әр қателік кешірілмес шығынға соқтырады. Сондықтан оқыс жағдайда ой мен күшті қатар қоя білу үшін шиеленістіде,  ауыр жаттығулар жиі болу керек дейді қолбасшылар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясы мен әскери институттың төрт кезеңнен тұратын тактикалық жаттығуы ертең аяқталады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир