|
18.05.2018 | 10:30
4994

Алматы оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған» атты байқауда бақ сынайды

Алматылық оқушыларда қазақ эпосын жатқа айтып, бір жарым миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі туды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби-танымдық шарасы қаламызда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Байқауға қатысушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, онда кездесетін көнерген сөздерді түсіндіріп, мектеп бағдаламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс. Жүлденің жалпы қоры 12 миллион теңгені құрайды. Ал оқушыларды дайындаған мұғалімдер Оксфорд қаласында ағылшын тілі курсынан өтуге жолдама алады. Үміткерлер мамыр айының 25-сіне дейін өтінімдерін берулері тиіс.

«Біз байқауға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларға: бірінші орынға - 1,5 миллион теңге, екінші орынға - 1 миллион теңге, ал үшінші орынға 500 мың теңге бөліп отыр. Сондай-ақ бұл байқаудың ең бір ерекшелігі - байқауға оқушыларды дайындаған ұстаздарын да назардан тыс қалдырған жоқпыз», - деді  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Шегебек ҚАУЫМБАЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир