|
21.05.2018 | 10:07
2085

Алматыда 164 көшенің атауы ауысуы мүмкін

Алдағы уақытта Алматыдағы 164 көшенің атауы ауысуы мүмкін. Жаңа есім берілетін көшелердің көбі Алатау ауданына тиесілі. Қазірге дейін  халықтың жадына сақталып қалған Ақын Сара, Бауыржан Момышұлы сынды көшелерді де басқаша атау ұсынылыпты. Ал Наурызбай ауданындағы 104 көшенің атын жаңалау тапсырмасы осыдан бір жыл бұрын бекітілсе де тақтайшалар неге ауыспаған?

Алматыдағы 146 шағын ауданда 2500-дей көше атаулары бар. Олардың ішінде  337 көшенің аты қаланың ішінде қайталанып келе бергендіктен, мекен-жайды іздеген жанға қиындық туғызады. Қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен бұл келеңсіздіктерді жою жұмысы әлі жалғасып жатыр.

«Осы ұсынылып отырған тұлғалар комиссияның отырысында бірауыздан қолдайды деген сенімдеміз. Негізінен, қазіргі таңда бізде басым атауды тарихи жер, су атаулары мен халыққа жақын дәстүрлі атаулар ұсыну, арнайы тапсырма бар. Соның негізінде біз көбінесе жер,су атауларды қайта жаңғырту, дәстүрлі атауларды ұсынғанбыз», - деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы  Өтепберген ҚУАТБАЙҰЛЫ.

Мына мекеме жарнама, анықтаушы белгілерді шығаратын қаладағы санаулы ірі компаниялардың бірі. Сандық жүйемен жұмыс істейтін  25 шақты аппараттың көмегі  арқылы анықтама белгілерінің үш жүзден астам түрін шығаратын жігіттер көше тақтайшаларының стандартымен қоса, сапасына да мән бермесе, белгі көпке шыдамайды - дейді. Бірақ сапалы белгінің құны да қымбат. Бүгінде Алматыда анықтама белгілерін шығаратын үш жүзден астам мекеме анықталса, олардың тек оншақтысы ғана стандартқа жауап бере алатын компаниялар.  

«Көше атауы белгілерін бірнеше нұсқамен жасауға болады. Бірақ күнге оңып кетпейтін, шыдамды болу үшін ультракүлгін түсті қоса таңбалау әдісін қоланған дұрыс. Таңбалау технологиясы  америкалық, сия Белгиянікі болса, заттардың өзі Ресейдікі. Көлемі, түсі, өрнегі сынды жұмыстардың бәрі автоматты түрде іске асады. Бірақ көше атауын ілудің құныда қазір нарықта әртүрлі. Көбіне тендрден арзан баға бергендер ұтып алады да, бізге әкеліп, сапасыз болсада шығарып беріңдер деп тұрады», - деді  жарнама шығарушы компанияның бас директоры Александр ДУБОВИЦКИЙ.

Республикалық ономастика комиссиясы ұсынысты мақұлдаса ғана Алатау ауданындағы 118, Бостандықтағы 46 көше атауы өзгереді. Ал осыдан бір жыл бұрын толық шешім қабылданса да Наурызбай ауданындағы жүзден астам көшедегі тақтайша ескі атаулармен әлі тұр. Аудандағы алты мыңға жуық анықтама белгілерін ауыстырып беруге демеуші табылмағандықтан, жуырда жергілікті билік 10 миллион теңгенің тендрін ойнатпақ.

«Біздің конкурстың заңға сәйкес бір компания, қай компания ұтып алады, сол компания айналысады. Көшедегі қазіргі жүз үш көшенің алты мыңға жуық нысандардың барлығы өзгертіледі осы қаржыдан. Көшедегі әр жеке үй өздері ілмейді, біз іліп береміз», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре ПІРӘЛИЕВ.

Әрбір белгіде QR-код  қоса таңбаланады. К QR-кодтың көмегі арқылы көше атауы берілген адам туралы ақпаратты анықтауға мүмкіндік бар. Наурызбай ауданындағы адам атымен 44, жер, су атауы берілген  66 көшенің белгілерін жаңалау әлі жылдың соңына дейін жалғаспақ.


Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир