|
16.03.2017 | 10:48
1459

Алматыда 165 мың адам тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрып үлгерген

Уақытша тіркеу басталғалы Алматыда 165 мың адам тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрып үлгерген. Тұрғындардың дені - Алатау, Әуезов және Бостандық аудандарын таңдап жатыр екен. Мәселен, бір ғана Алатау ауданына 39 мыңнан астам адам уақытша тіркеліпті. Ал, жыл басынан бері алып шаһарға жалпы тіркелген азаматтардың саны 249 мыңнан асқан. Олардың 54 мыңы - тұрақты түрде тіркеуден өтсе, қалғаны уақытша орныққан. Ал, тіркеусіз жүргендерге полиция қызметкерлері алдағы сәуір айынан бастап шара қолдануы мүмкін. Десе де, кей санаттағы адамдардан тіркеу талап етілмейді. Мәселен, үйін жаңа тұрғызып, әлі құжатын рәсімдеп үлгермеген тұрғындар уақытша тіркеуден босатылады.

«Азаматтарды тіркеуге қатысты мәселені айта кетейін. Жаңадан салынған үйлердің тиісті құжаттары дайын емес, сол себепті осындай үйлерде тұрып жатқан азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмайды. Осы жағдайға байланысты біз Жоғары сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігімен арнайы шешім қабылдадық. Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас САДУБАЕВ.

Бұған қоса 16 жасқа толмағандар мен ем қабылдап жүрген науқастар да тіркеуді қажет етпейді. Үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізіліп, уақытша тіркеуге жатпайтын азаматтардың санаты бекітілген екен. Бұл тізімге вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар мен әскердегі сарбаздар да кірген.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир