|
25.09.2017 | 15:38
1296

Алматыда 22 жастағы жігіт Ұлттық бюро қызметкерінің жалған куәлігімен ұсталды

Алматыда 22 жастағы жігіт Ұлттық бюро қызметкерінің жалған куәлігімен ұсталды. Ол, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Жол-потрульдік полициясы құжаттарды тексерген кезде, жалған куәлік көрсетіп, жауапкершіліктен құтылып кетпекші болыпты. Полицейлер оқиға орнына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның қызметкерлерін шақырған. Олар, құжаттың жалған екенін анықтапты. Кемелханов Сағадат куәлікті Алмас есімді жігіттен 150 мың теңгеге сатып алған көрінеді. Сондай-ақ ол, қызметтік куәліктің базаға енгізілетініне уәде берген. 

«Сотта Кемелханов Сағадат кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінді. Сот оны қылмыстық ережелерді бұзды деп айыптап, пробациялық бақылау орнатты. Енді оған, тұрғылықты мекен-жайын өзгертуге, арнайы органдарға ескертпей жұмыс орнын ауыстыруға, мейрамханаларға баруға, құзырлы орындардың рұқсатынсыз қаладан шығуға болмайды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы¤ Дияс МАХАМБЕТОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир