|
02.12.2016 | 11:03
1685

Алматыда 52 жас отбасы баспаналы болды


Алматыда 52 жас отбасы баспаналы болды. Жаңа үйге көшкендердің барлығы небәрі осыдан үш-төрт жыл бұрын ғана пәтер кезегіне тұрғандар. Мұғалім, дәрігер, балабақша тәрбиешілері сынды мамандықтың иелеріне берілген пәтерлер толыққанды аяқталған.   Жас отбасылар енді пәтерлерді жалға алу жобасымен сатып алып, меншіктей алады.  Алатау ауданы «Ақ бұлақ» шағын ауданында  берілген бүгінгі пәтерлерді «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан Ипотекалық Компаниясы үлестірді. 


"2013 жылдан бастап үй кезегінде тұрдым. Содан кейін жыл сайын регистрациядан өтіп тұрдым. Осы биыл маусым айында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шақырды құжаттарымызды өткізуге. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тұспа тұс келген кезде және Елбасымыздың күніне осындай баспана сыйлап отырған Елбасымызға рахмет»,- деді Дәрігер, Айгүл НӘМЕТҚҰЛОВА.


Жыл соңына дейін ипотекалық компания Алматыда баспана кезегінде тұрған тағы 260 отбасына пәтер бермек. Ал келесі жылы жалпы саны 1700 баспана таратуды жоспарлаған. Бюджеттік ұйымның қызметкрелеріне жалға алу жолымен берілетін пәтерлердің бір шаршы метрі Алматы мен Астана қалаларында 1120 теңге. Ал өзге өңірлерде 924 теңгеден аспайды.


 «Көңілім симай тұр бар сөздің бәрін жия алмай. Рахмет.  Өте ризамыз. Отбасымыз төрт адамнан тұрады. Екі қызымыз бар. Ризамыз мемлекетке. Президент күнінде бізде бірінші пәтер алып жатырмыз өзіміздің»,- деді Балабақша тәрбиешісі,  Әсел АРХАБАЕВА.  

  

 


 

 




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир