|
14.02.2018 | 17:38
1436

Алматыда ақпан айының басында тұмауға шалдыққандар саны көбейді

Алматыда ақпан айының басында тұмауға шалдыққандар саны көбейді. Бір аптаның өзінде 20 алматылық дәрігердің көмегіне жүгінген. Ал өткен жылдың қазан айынан бері осы сырқатпен 28 азамат ауруханаға жатқызылыпты. Тұмаудың эпидемиологиялық маусымы сәуір айына дейін жалғасады. Дәрігерлер сол уақытқа дейін мейлінше сақтанып, күтініп жүруге кеңес береді.

Жалпы эпидемиологиялық маусым басталған уақыттан бері қалада 41 мыңнан астам тұрғын жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан. Оның ішінде 65 пайызы балалар. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қалада жағдай тұрақты. Өткен жылдың қазан айынан бері 48 азамат грипп жұқтырған. Былтыр осы кезеңде 119 адам тұмауын асқындырған екен.

«А типті Н1N1, А типті Н3N2 және В типті тұмау вирустары айналымда жүр. Сонымен қатар, жітір респираторлық вирустың басқа да, вирустары айналымда. Олардың ішінде аденовирус, бокавирус, ренисинсальный вирустар кіреді», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алмаш АХМЕТОВА.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында эпидемиологиялық маусымда қосымша екі бөлімше жұмыс істейді. Ол 90 адамға шақталған. Дәрігерлер қыста қаптайтын вирустан сақтанудың ең басты жолы – екпе, дейді. Осы мақсатта былтыр қала бюджетінен 87 миллион теңге бөлінген. Сол уақыттан бері 190 мың азамат вакцина қабылдапты.

«Бірінші кеңес күз айында екпе алу тұмауға қарсы. Екіншіден, тұмау маусымы кезінде қоғамдық орындарға аз бару. Бетперде, маска тағу және дұрыстап тамақтану. Және таза ауада жиі шығып жүру», - деді «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» бөлім меңгерушісі Бақыт УТАГАНОВ.

Тамақтану демекші - көбіне сұйық ас ішуге кеңес беріледі. Сондай-ақ сарымсақ пен жуадан дәм татуды ұмытпаңыз. Көпке ұнай қоймағанымен, вирусқа қажетті жақсы қару. Әрине, тазалық та қажетті талаптың бірі. Ақ халаттылардың айтуынша, тұмаудың эпидемиологиялық маусымы сәуір айына дейін жалғасады.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

тымау грипп
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир