|
15.11.2017 | 17:31
1829

Алматыда әлеуметтік көмек 12 жарым мыңға жуық адамға беріледі

2018 жылы жаңа форматқа көшетін атаулы әлеуметтік көмек Алматыда 12 жарым мыңға жуық адамға беріледі. Бұл шамамен 750 отбасы. Келесі жылы аталмыш жәрдемақы күнкөріс деңгейі 50 пайыздан төмен болатын, яғни 28284 теңгеден табысы аз жанұяларға тағайындалады. Нақтылайтын болсақ, мысалы: бір отбасында 4 адам болса, ал жанұяның жалпы табысы айына 40 мың теңгені құрады делік. бұл соманы 4 адамға бөлгенде әрқайсысына 10 мыңнан шығады. Күнкөріс шегі - 28284 теңге болса, оның 50 пайызы - 14 мың 142 теңге деген сөз. Яғни, бұл отбасының адам басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейіне сай келмейді. Ал 14 мың 142-ден 10 мыңды алсақ, 4 мың 142 теңге шығады. Демек, бұл отбасындағы әрбір мүшеге берілетін жәрдемақының мөлшері. Жоғарыда көрсетілгендей отбасында 4 адамға барлығы 16 мың 568 теңге жәрдемақы төленетін болады. Нәтижесінде, жанұяның табысы 56 мың 568 теңгеге көтеріледі.

«Атаулы әлеуметтік көмек жаңа нысандағы екі бөлімге бөлінеді: шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартты дегеніміз отбасында үйінде жұмысқа жарамды азаматтар міндетті түрде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен дамыту. Шартсыз дегеніміз үйінде зейнеткерлер және де мүмкіндігі шектеулі 1,2 топтағы азаматтар ол кісілерді біз жұмысқа кіргізуге міндетті еткізе алмаймыз»,-деді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Динара БАЯНОВА.

 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир