|
09.02.2018 | 21:02
1468

Алматыда «Астана Опера» театрының апталығы басталды

Еліміздің мәдени орталығы саналатын Алматыда «Астана Опера» театрының апталығы басталды. Гастрольдік сапар шымылдығын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» ұлттық классикалық операсы түрді. Бұл туындының таңдалып алынуы да кездейсоқтық емес. Өйткені, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера театрында алғаш рет тұсауы кесілген.

Ақпан айының оны мен он сегізі аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында астаналық группа әлемдік өнер жауһарларынан тұратын қанық та керемет бағдарлама ұсынбақ. Солардың бірі, әрі бірегейі «Абай» операсы. Бұл туындының тұсауы да осы өнер шаңырағында 1944 жылдың желтоқсанында кесілген болатын. Ұйымдастырушылар оған көптеген өзгертулер енгізуден ада екендіктерін жеткізді. Классикалык канондарлы сақтап келген опера туындысы әлемдік жауһарлармен тең түсе алады.

«Абай» операсы еліміздегі теңдессіз туынды. Ол жерде ұлы ақынның өмірінен хабар беретін драмалық сәттерді тамашалауға болады. Алыс-жақын шетелде де қойылып, мойындалған бірегей опера. Германияда бұл туынды жыл операсы атағын алуы жоғарыда айтқан сөзімнің дәлелі», - деді «Астана Опера» театрының бас дерижері Алан БӨРІБАЕВ.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин Рим театрының солисті атанғаны барлығымызға мәлім. «Абай» операсында бас партияны орындаушы гастрольдік сапардан бас тартқан. Шекара асқанша, туған жерде дайындалғаным артық дегенді алға тартты.

«Гастрольдік бағдарламаны 14 ақпан күні сағат 19.00-де ХХ ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмилланның «Манон» балеті жалғастырмақ. Балет туындысы аббат Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың оқиғасы» романының желісі бойынша жасалған. «Астана Операның» репертуарындағы бұл қойылым жақында ғана көрермен назарына ұсынылып, 2017 жылдың 28 сәуірінде тұсауы кесілді. 17-18 ақпанда гастрольдік сапарды Морис Жаррдың музыкасына жазылған Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» балет спектаклі тамамдайды», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет БАЙҒОЖИН.

«Мен өзімнің шығармашылық жолымды осы театрдан бастаған едім. Осы Абай атындағы қазақ мемлектеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өнер көрсету мен үшін үлкен құрмет. Көрермендердің көліңілінен шығуға тырысамын», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім БЕКЕТАЕВА.

«Астана Опера» театры 2013 жылы құрылған болатын. Бір жыл өткеннен кейін гастрольдік сапарын Алматы қаласына жасады. Ол кезде репертуарындағы туындылар да аз болыпты. Араға бес жыл салып қайта келген астаналық группаның қоржынында қазір 21 туынды болса, оның 9-ы опера, 12-сі балет. Қосымша ақпарат ретінде айта кетейін, екі театр қарым-қатынасты тереңдетуге уағдаласыпты.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир