|
05.01.2018 | 16:44
1442

Алматыда бір отбасы далада қалды

Даудың басы-банктен берешек алудан басталған. Жалғыз баспанасын кепілдікке қойып, несие алған Кенжегүл Әбенова, соңында өз үйінен құзырлылардың қоқан-лоққы көрсетуімен қуылған. Қаржы институтынан алған қомақты қарызын уақытында өтей алмасада, банк оның өтініші бойынша қарызды кейін қайтаруға мұрсат берген. Бірақ, екі тараптың арасында жүрген жеке сот орындаушысы әлсіз әйелді сәтті пайдаланып кеткен. Қаңғырып қалған бүтін бір отбасы мүлікке негізсіз аукцион жарияланып,  шикіліктердің көп  болғандығын баса айтуда. Нәтижесінде бір күннің ішінде «Сәбитов» деген азамат сол үйдің иесі атанған.  

«Соттың шешімі де жоқ, сот орындаушысы да жоқ, осы Бостандық ауданының тергеушілері келіп,  5-6 полиция қызметкерлерімен келіп, Сәбитовты алып келіп, кіргізіп кетті де, бізді шығарып тастады»,-деді жәбірленуші, Кенжегүл ӘБЕНОВА.

Баспананың аукционға шығарылуының өзінде заңсыздықтарға жол берілген дейді құқық қорғаушы. Өйткені, сатылымға жылжымайтын мүлік иесінің жақын екі туысы қатысуға құқығы болмаса да, соған жол берілген. Оған қоса, аукционға қатысқан үшінші адамның шотында шарт бойынша қаражаты толыққанды болуы керек. Бұл талапты да дер кезінде пысқырмаған көрінеді. Енді осының бәрін былықтырған сот орындаушысы Рәпілбек Тәңірбергеновқа қатысты қылмыстық істі жәбірленуші тарап соңына дейін жеткіземіз деп бекініп отыр. Өйткені, қарыз берген банктің өзі жеке сот орындаушыдан істі тоқтата тұруды тапсырған.   

«Үйді бағалау мерізімі де өтіп кеткен. Алты ай мерізімінің ішінде ғана қолдануға тиісіті, ал бұл жеті ай асқаннан кейін ғана сатылып кеткен. Казком банк жеке сот орындаушысына хат жіберген. Бұл істі тоқтата тұрыңыз деп. Жеке сот орындаушысы оны тоқтата тұрған. Кейін ол істі қайтадан қозғаған. Оған үйді бағалау туралы шаралар жасаған. Тағы да басқа әрекеттер жасаған. Ол туралы борышкерлер бейхабар. Аукционға пәтерді қояр алдында ғана хабарлаған. Мұның өзі заң бұзушылық болып есептеледі»,-деді Алмас ЖҰМАҒАЛИ.

Ал, сот орындаушы Рәпілбек Тәңірбергенов, өзінің заң аясында ғана жұмыс істегенін айтып ақталуда. Ата-заңды аттамағанын алға тарқан ол, түйткілді мәселеге несие алып, басы бәлеге қалған Кенжегүл Әбенованың өзі кінәлі дейді. 

«Ол кездегі бағалаудың соммасы үлкен еді. Ол қазіргі соммамен сатса, ол қазірге дейін төлей алмайтын еді бәрібір. Сатса, артық ақшасы қалмайтын еді. Менің 2 бөлмелі үй баға берген соммамдай болмайды»,-деді Жеке сот орындаушысы, Рәпілбек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ.

Айта кетейік, жеке сот орындаушы Рәпілбек Тәңірбергеновтың кәсібилігіне күмәнмен қарап, оған қарсы түсіп жатқан бұл алғашқы шағым емес. Бұған дейінде Бостандық ауданының соты басқа іс бойынша оның  жүргізген жұмысын негізсіз деп тапқан.  Ол кезде Рәпілбек Тәңірбергенов, «Айдана» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүлкін сатылымға шығарып, оны екініші деңгейлі банктің пайдасына шешіп бермек болған. Әлсіз, жоқтаушысы жоқ деген желеумен баспанасын жоқ қылған сот орындаушының былығы әшкере болса әділетсіздікке барған Тәңірбергеновтың өзі тергелуі мүмкін. 

Әйкерім Ердәулетқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир