|
23.04.2018 | 10:35
1191

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтуде

Алматыда бокстан КСРО спорт шебері Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған бокстан V халықаралық турнир басталды. Сәуірдің 20 мен 24 аралығында өтетін сайысқа Қазақстаннан бөлек Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасынан спортшылар қатысуда. Турнирде тек спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылы туған жас боксшылар ғана бақтарын сынай алады. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтамақ. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтеді. Мұндай халықаралық жарыстар спортшылардың шынығып, ширауына жақсы әсер етеді, дейді ұйымдастырушылар. 

«Жарыста «спорт шеберін» береді жеңімпаздарға. Сондықтан талпынушылар өте көп. 133 қатысушы келді. Біз шектеу қойғанның өзінде адам өте көп. Әсіресе, мына Ресейден толық команда келіп отыр. Олардың жастар арасындағы құрама командасының жігіттері бар. Сол сияқты Қазақстанның барлық облыстарынан келіп отыр», - деді КСРО спорт шебері Амалбек ТШАНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир