|
10.01.2018 | 10:35
1630

Алматыда Бостандық ауданының атқамінерлері 100 жасқа толған ардагерлерді құттықтады

Бостандық ауданында 70-ке жуық соғыс ардагері болса, оның 11-і жүз жасқа толып отыр. Бүгінгі бейбіт күн осы ғасыр жасаған қариялардың қажымас қайсарлығы мен ерен ерлігінің арқасында келген. Солардыі бірі, 6 жыл майданда жүрседе 12 медальмен аман оралған Федор Егорұлы.  Ғасыр құрдасын бүгін ауданның атқамінерлері  құттықтап келді. «Әр ардагерді төл мерекесімен құттықтау қариялардың көңіліне қуаныш ұяталатып, жасартып тастайды», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Біз бүгін Ұлы Отан соғысына қатысушы Толстых Федор Егорұлы атты ақсақалдың үйіне келіп тұрмыз. 2000 жылы, 21 ғасыр басталғанда  аудандық ардагерлер кеңесі «Ғасырлар құрдасы» деген акция қабылдаған болатын. Осыған орай, 100-ге толған қарияларды құттықтап, аудан әкімімен бірге сый-сияпат жасап, солардың жағдайын білу отыру-дағдыға айналған», - деді Алматы  қаласы бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит БІРЖАНОВ.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир