|
26.05.2018 | 08:40
1372

Алматыда демалыс күндері өтетін мәдени шаралар

Алматылықтар мен қала қонақтары қандай концерт, қойылым және көрмелерді тамашалай алады?

Алматыда кезекті мәрте әдемі киінуге жаны құмар жандарға отандық дизайнерлер көктем және жаз мезгіліне арналған топтамаларын ұсынбақ. Жас дебютанттардың жұмыстары да бар. «Almaty Pop Up Store» жәрмеңкесі 11-ші рет өтпек. Киімдерден бөлек, сәнді аксессуарлар да қойылады. Аталған шара қалада жылына екі рет ұйымдастырылады. Соңғы бес жылдан бері дәстүрлі өтіп келе жатқан жәрмеңкеге 100 мыңнан астам адам қатысқан.

«Жәрмеңке екі күнге созылады. 26-27 мамырда қала қонақтары мен тұрғындарын қызықты бағдарлама күтеді. Шара бірнеше аймаққа бөлінеді. Оның ішінде фешн, спорт және бьюти алаңдары болады. Жәрмеңке сағат 12-ден бастап, кешкі сағат тоғызға дейін жұмыс істейді. Одан бөлек, концерттік бағдарлама да қарастырылған. Келемін деушілер үшін есік ашық»,-деді ұйымдастырушы Шынар САПАР.

Әлемдегі ең қымбат көліктерді 26 мамырда «Медеу» мұз айдынында көре аласыздар. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелден әкелінген 200 автомобиль көпшілік назарына ұсынылмақ. Фестивальде қазылар алқасы соның ішінен 16-сын іріктеп алады. Көрермендерді қызықты шоу бағдарлама да күтеді. Түрлі ұтыс ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

«Фестивальде көлікті құрастырушы азаматтар мен оны бағалаушыларды бір алаңда жинауды көздедік. Шараға қатысушылардың автомобильдерін арнайы құрылған комиссия бағалайды. Оның құрамында 5 адам бар. Атап өтерлігі, ерекше көліктерді көру үшін тек еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, өзге мемлекеттерден де азаматтар келеді»,-деді ұйымдастырушы Азат ОМАРБАЕВ.

Украинада өткен ән байқауында бас жүлдені қанжығалаған Данэлия Тулешова Алматы төрінде алғашқы концертін өткізбек. 27 мамырда өтетін кеште жас әнші авторлық және жаңа әндерді орындайды.  Одан бөлек, 11 жастағы өнерпаз білім алып жүрген орталықтың жеткіншектері өнер көрсетеді. 

Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында белгілі суретші Вячеслав Люй-коның көрмесі ашылды. Онда көпшілік назарына 60 кескіндемелік және көркем өнер туындылары ұсынылған. Шарада қылқалам шеберінің соңғы жұмыстарын көре аласыздар. Уақыт, кеңістік туралы аңызға негізделген ғажайып еңбектер қойылған көрме 1 айға созылады.

Ал рухани азық аламын деушілер Абай атындағы опера және балет театрына баруына болады. Демалыс күндері онда Джузеппе Вердидің «Бал-маскарад» операсы сахналады. Ал неміс драма театрын Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» спектаклін ұсынбақ. Сондай-ақ сенбі күні Алматы аренада Скриптониттің концерті өтеді. Демалыс күндеріңіз мәнді, әрі сәтті өтсін.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир