|
25.09.2017 | 15:47
1527

Алматыда денсаулық фестивалі өтті

Алматыда денсаулық фестивалі өтті. Оған мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Одан бөлек, қала тұрғындары да осынау шараға белсене ат салысқан. Олар Панфиловшылар паркінен бастап, Республика алаңына дейін жаяу жүріп өтті. Кейін, дәрігерлерге тегін қаралып, қажетті кеңес алды. Ұзын-ырғасы 3 мыңнан аса адам төбе көрсеткен шара - "Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!" деген ұранмен өткен.  

«Бұның ең басты мақсаты – алматылықлатрды, барша халықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімдеу, шақыру, спортпен айналысу. Бұл марафон денсаулық фестивалі бойынша өткізіліп жатыр. Әр жыл сайын», - деді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Жадыра АГИШАНОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир