|
25.09.2017 | 15:30
1265

Алматыда жас кәсіпкерлерге арнайы байқау ұйымдастырылуда

Әлеуметтік мәселені шешіп, табыс таба аласыз.  Ол үшін қоғамға қажетті тың жоба ұсынсаңыз жеткілікті. Осы ретте, жас кәсіпкерлерге арнайы байқау ұйымдастырлуда. 4 миллион теңгені кімдер иемдене алады?

Көп қабатты тұрғын үйдің балалары үшін алаңдаған Анна Шелепова тұрақты жұмысын тастап, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуды жөн санаған. Оны төрт қабырғадан шықпай, ғаламтор мен теледидарға телміріп отыратын жастардың болашағы алаңдатса керек. Іскер әйел төрт жыл бұрын жастардың хоккей алаңын жасауға білек сыбана кіріскен. Әйтсе де, бұл алаң басқа мезгілдерде бос тұрса керек. Енді екі аптадан кейін қалған құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілмек. Содан кейін балалар футбол, волейбол, баскетбол сынды ойындарды ойнап, спорттық жаттықтыру жұмыстарын өткізе алады. Бұл бастамасын тұрғындар мен кәсіпкерлер қолпаштап, қаржылық қолдау білдірген. Оған қоса, инвесторлар тарапынан 4 миллион теңге грант жеңіп алыпты. Енді қала әкімдігі де демеу көрсетуде.

«2014 жылы «өзгеріске беталыс» байқауына қатысқан 150 жас кәсіпкердің ішінен біз оза шаптық. Мұндай қолдау бізге одан әрі демеу берді. Осы аумақта тұратын тұрғындар үшін мұның бәрі тегін болмақ. Ал өзге аудандағыларға ақылы, бірақ, үйірмелерден қарағанда 3 есе арзан болады. Қаланың қақ ортасы болса да, ешқандай у-шу болмайды, кешкі сағат 22-00-ден кейін барлық балалар үйлеріне тарқасады. Бұл алаңға кәсіби жаттықтырушылар келіп, шеберлік сыныптарын өткізеді. Қуантарлығы - балалар кәсіби спортпен айналысуға кірісіп жатыр», - деді ¤әлеуметті кәсіпкер Анна ШЕЛЕПОВА.

Әлеуметтік кәсіпкердің міндеті де сол, бизнес көзін дөңгелете отырып, бұқараға да бір пайдасын тигізуі керек. Осындай озық идеялары бар жастарды қалтатылар қарқынды түрде іздестіруде. Олар үшін арнайы байқау да ұйымдастырған. Бастысы - бизнесмендер бізде әлі болмаған әлеуметтік жобаларды ұсынса жеткілікті.  Даралығын дәлелдеймін дегендер додаға 15-ші қазанға дейін қатыса алады.

¤«Байқау жайлі естіп отырған студенттер болса, олар үшін біздің есігіміз айқара ашық. Ұсынған жобаларға қаржылық қолдау ғана көрсетіп қоймай, бизнес-жоспарларын құруға, оны сәтті жүргізуге ақыл кеңесімізді аямаймыз. Бүгінде біз мүмкіндігі шектеулі балалар,  жетім балалар, дарынды балаларға арналған жаңа жобаларды іздейміз. 1-ші орын 4 миллион теңге болса, тағы да екі кәсіпкер 700 мың теңден ұтып ала алады», - деді ¤ орталық Еуропа мен Қазақстандағы  «Өзгеріске Беталыс» қорының аймақтық директоры Татьяна БУРМИСТРОВА.

5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл қор 400 өтінішті қарастырыпты. Қазір соның 10-ы сәтті жүзеге асырылуда.  Оған қоса 44 адам жұмыспен қамтыған. Есесіне, 20 мыңнан астам баланың өмірін жақсартуға себеп болыпты. Ал биылғы жылдың жеңімпаздары желтоқсанда жарияланбақ.

Әйкерім Ердәулетқызы, Әрсен Сандыбаев "Алматы" телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир