|
15.03.2017 | 11:52
1301

Алматыда жүргізуші куәлігін сатып алдым деген бойжеткен емтихан тапсырған екен

Алматыда жүргізуші куәлігін сатып алдым деп, алақайлаған бойжеткен - шын мәнінде емтихан тапсырған екен. Облыстық ішкі істер департаменті 20 жастағы қыздың сынақ тапсырып жатқан кезіндегі видеосын жариялады. Олардың сөзінше, Әйгерім Фазылова 2 рет емтихан тапсырған екен. Соңғысынан сүрінбепті. Есте болса, кеше алматылық студент жүргізуші куәлігін "инстаграмға" жүктеп, құжатты әкесінің сатып алып бергенін жазған еді. Ізінше, бұл мәселе ғаламтор қолданушылары арасында үлкен дауға ұласқан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир