|
18.07.2018 | 15:54
984

Алматыда ерлі-зайыпты Храпуновтардың соты басталады

Сот процесінің материалдарына сүйенсек, айыпталушылар қатарында Виктор мен Лейла Храпуновтардан бөлек тағы он адам бар, бастапқы тыңдау 26 шілдеге белгіленген, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Виктор және Лейла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және тағы тоғыз адамға қатысты іс биыл 17 шілдеде соттың қарауына қабылданды.

Алматының бұрынғы басшысы, әйелі мен сыбайластары ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша айыпталады. Тағылған айыптар – мемлекет мүлкін қымқыру, билігін асыра пайдалану, алаяқтық және пара алу, қылмыстық жолмен тапқан мүлкін заңдастыру және тағы басқаралы. Келтірілген шығын сомасы шамамен 86 миллиард теңге.

Қазақстандағы танымал ерлі-зайыптылар көп ұзамай жазаға тартылатынын сезіп, бірнеше жыл бұрын елден кетіп, қайтып оралмаған еді. Храпуновтар бірнеше рет БАҚ арқылы Қазақстанға тергеуге шақырылды, бірақ қашқын жұп оны елеген жоқ.

Заң бойынша сот айыптылардың жоқтығына қарамастан істі қарауға шешім қабылдады.

Бастапқы тыңдау 26 шілде күні сағат 9-да болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир