|
23.05.2018 | 11:21
1391

Алматыда Еуразиялық медиафорум басталды

Көзілдірік арқылы ақпарат тарату бүгінгі медианың соңғы тың мүмкіндіктерінің бірі. 15 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан  Еуразиялық медиа форумның алғашқы шеберлік дәрісі-журналистиканың жылдамдығын сөз етуден басталды. Шапшаңдыққа ілесем деп сенсация қуып, жалған ақпарат таратаныдарға тосқауыл қою үшін бұқараның білімді болғандығы маңызды- дейді сарапшылар. Әсіресе, бұл эмоцияға беріліп, хабар тарататын кейбір блогерлер қатысты. Үш күнге созылатын жиынға 60-тан астам елден келген 600 делегат кім?

Ақпараттық технологиялар дәстүрлі БАҚ-тың табиғатын  өзгертуде. Әуелі, жылдам мәлімет таратуға қауқарын арттыруда.  Медиа форумға келген сарапшылардың пікірі осыған саяды.  Ал уақытқа мұршалары жетпегендердің жалған мәлімет тартуының көздегіні - рейтинг.  Осы ретте, блогерлердің эмоцияға салынуы, оқырманның да оның жеке пікіріне илануына әкеліп жатады. Осы ретте, журналистік этиканың күйреп жатқанына куә екендіктерін жасырмады қатысушылар. Алайда, оқырманның өзі хабардың ақ-қарасын кедергісіз ажырата алатындай түйсік-танымы жоғары болуы ғана жалған ақпараттың қараламын күрт қыстарта алады.

«Қазіргі таңда ақпаратты даярлау, ақпаратты шығару уақыты қысқарып кетті. Минут сайын. Жалған ақпарат көп боп кетті. Онымен күресуге мүмкін емес негізінде. Түбегейлі шешім бар. Ол мектептерден бастау. Қазір дамыған елдерде орта мектептерде оқу бағдарламаларына сыни түрде ойлай білу, «ақпараттық сауаттылық» деген пәндер кіргізіліп жатыр», -деді Еуразиялық медиа форумының кеңесшісі Саясат НҰРБЕК.  

Сарапшылар дәл осындай оқыту тәсілін біздің елде де енгізу- сенсация қуғандандардың қитұрқы әрекетіне тосқауыл қояры ықтимал екенін ашып айтуда. Мәліметтің маңыздылығын бейнекамера арқылы дәлелдеу -ең оңтайлы екенін Ұлыбританиядан келген журналист  Юсуф Омар  да  алға тартуда.

«Қазақстанда телеарнадан көрсетілген материалдар, кейіннен барып, ютубқа салынады. Әйтсе де, қазір адамдар барлығын тікелей ғалатор арқылы көргісі келеді. Сондықтан көптеген сала мамандарын аймақтық контенттің ат салысуына жұмылдыру керек. Менің көзілдірігімді байқасаңыздар, дәл қазір сіздердің сұхабат алып тұрға дарыңызды видеоға түсіріп тұр. Яғни, бұл бейнежазбаны тікелей интернет арқылы қалың көпшілікке ақпарат ретінде тартуға таптырмас құрал. Технологияның күн құрғатпай  дамып келе жатқаны деген міне осы»,-деді «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф ОМАР (Ұлыбритания). 

Техниканың тілі мен жаңалықтың жалған еместігін бөлек, форумда қауіпті аймақтан репортажды қалай жасау керектігі де шеберлік дәрісіне арқау болды. Телеарнаға телміретін жұрттың санын арттыру үшін сандық технологияны тиімді пайдаланудың тетіктерін талқылау бас-аяғы 3 күнге созылмақ. 


Әйкерім Ердәулетқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир