|
08.01.2018 | 09:40
2109

Алматыда қаңғыбастар үйін паналаған 72 жастағы физик-ғалымның өмірі күрт өзгерді

Алматыдағы қаңғыбастар үйін паналаған танымал физик-ғалымның өмірі күтпеген жерден күрт өзгерді. Осыдан бір апта бұрын 72 жастағы Сапарбай Арыновтың тағдыры туралы көрсеткен болатынбыз. Ғұмырын ғылымға арнап, физика саласында 60-қа жуық еңбек жазған қазақ ғалымы қаңғыбастар үйінде жатақанын жариялаған едік. Сол сюжет арнамыздың эфирінен шығысымен, ақсақалға көмек көрсеткісі келетін қайырымды жандардан хабар үзілмеді. Қазір белсенділер Сапарбай Арыновты қаңғыбастар үйінен шығарып, қаладағы қонақ үйлердің біріне орналастырды. Тіптен бірқатар жоғарғы оқу орындары ғалымды жұмысқа алуға дайын отыр екен.

Осыдан бір апта бұрын ғана ешкімге керексіз боп, қаладағы қаңғыбастар үйінде жатқан Сапарбай Арыновтың өмірі күрт өзгерді. Көйлегі көк, тамағы толыққанды тоқ болмасада физик-ғалым қазір қаладағы қымбат қонақ үйдің бірінде. Ақсақалдың тағдырына алаңдаған бір топ белсенді, оған осылайша қол ұшын беруді ұйғарған.

«Шыққан жаңалықтардан кейін біз өзіміз Қуаныш Шонбай ағамыздың бастауымен сол кісіге көмек беру акциясын бастадық. 1 айға жататын жері барлығы төленіп қойған. Осы қонақ үйдің астында мейрамхана бар, сол жерде бүкіл таңғы асы, түскі асы, кешкі асының бәрі тегін. Осы жерден тамағын ішіп, қонақ үйде қонып жүр. Ары қарай жұмысқа орналастыру мәселесі басталады», - деді кәсіпкер Бақытжан НҰРЫМБЕТОВ.

Тағдыры тәлкекке түскен физик ғалымға іздеу салып, көмек бергісі келетіндер қарасы көп. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының мамандары Сапарбай Арыновты қонақ үйге арнайы іздеп келді. Олар ғалымға қолдан келген көмектерін аямай көрсетуге ниетті. Бірақ, ақсақалдың көп кідіруге уақыты болмады. Белгісіз біреу ғалымды қымбат көлікке мінгізіп, өзімен бірге алып кетті.

«Жалға 1 жылға пәтер алып берейік, төлейік соны. Өйткені, бюджеттік қаржыландыру емес, өзіміздің тапқан ақшаларымызға сол көмектесейік және де біз ол кісіні жұмысқа алайық. Біздің ақпараттық және есептеуіш технологиялар дейді, кішкене біздің мамандығымыз сәйкес келмейді. Бірақ, соған қарамастан біз ғалым болғасын көмек жасайық деп ойлағанбыз», - деді ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының директоры Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ.

Институт мамандары Сапарбай Арыновтың тоқсаныншы жылдары өз баспанасы болғанын анықтапты. Ол пәтерді ядролық-физика институтында еңбек еткен жылдары алған екен. Алайда, кейіннен белгісіз жағдайда үйінен айырылып қалған. Аты дардай ғалымды  бала-шағасы да керек қылмаған. Физика саласында 60-қа жуық еңбек жазған жанның аянышты күйін естіген қазақ ғалымдары қазір оған жан-жақтан қолдау білдіріп жатыр.

«Кеше ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің вице-министрі Әмрин Асланбек Кемеңгерұлы маған хабарласты. Содан кейін ҚР Ұлттық Ғылым акдемиясының Президенті Мұрат Жұрынұлы хабарласып, осындай Сапарбай Арынов деген ғалым өте қиын жағдайда екен, соған көмек берейік деп айтты», - деді ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының директоры.

72 жастағы қарияны жұмысқа алуға Алматыдағы Энергетика Институты мен Қазақ-Британ техникалық университеті де қызығушылық танытып отыр. Физика ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Сапарбай Арынов, Алматыдағы тұрақты мекені жоқтарға арналған бейімдеу орталығына 2 ай бұрын тап болған. Айтуынша ақсақалдың келіні күн көрсетпеген көрінеді.

Айдана Мейрамбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир