|
11.06.2018 | 11:38
2174

Алматыда «Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру» орталығы ашылды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде психологиялық-педагогикалық түзету орталығы мен Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі дәріс кабинеті ашылды. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Демеушінің қаржысына ашылған түзету орталығы инклюзивті білім берумен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ресурстарымен қамту үшін мұнда қажеттінің бәрі бар. Және бұл қызметтің барлығы тегін. Орталық педагогтарына студенттер де көмектесіп, келешек ұстаздар тәжірибе жинайды.

«Біздің кабинеттің мамандары кешенді түрде көмек береді. Ол-логопед, психолог, дефектологтар, сонымен қатар массажист маманы, емдік дене шынықтыру мамандары бар. Психологиялық-педагогикалық кеңестің жолдамасымен келеді бұл жерге. Біз жылына әр кабинетте 200-ден аса балаға қызмет көрсетеміз, Алматы қаласы бойынша 2000-ға жуық балаға қызмет көрсетеміз»,-деді Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының директоры Құралай ДҮЙСЕНҚЫЗЫ.

Ал жаңадан ашылған Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру орталығының міндеті тым басқа. Мұнда студенттер мен оқытушылар латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиді оқып, жазуды меңгереді. Кабинеттің ашылу рәсімінде университет ғалымдарының-- латын графикасын үйретуге арналған арнайы бағдарламасы таныстырылды. Гүлшара Әбдіқалықова қос орталықтың да балалар мен студенттер үшін пайдалы орын болатынына сенім білдірді.

«Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін үйрету курстары бойынша оқу бағдарламаларын жасап, қазіргі таңда университеттер көлемінде семинар-тренингтер өткізіледі. Сонымен қатар, биылғы оқу жылынан бастап университетіміздің барлық мамандықтарында білім алушыларға «атын әліпбиін оқыту» пәнін енгізу жоспарланып отыр»,- деді филология ғылымдарының кандидаты Болатхан СЕРҒАЗЫҰЛЫ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир