|
07.03.2018 | 11:06
1244

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты орын алды

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Оқыс оқиға кешкі бес жарым шамасында, Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысында болған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, Жандосов көшесімен шығыс бағытқа бет алған автобусқа қарсы беттен бұрылмақшы болған жеңіл көлік келіп соққан. Нәтижесінде екі адам зардап шекті. Бірі қоғамдық көліктің жолаушысы болса, екіншісі жеңіл көліктегі адам. Оларға қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

көлік апаты
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир