|
19.06.2018 | 11:27
1159

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды


Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды. Тілсіз жау бүгін таңертең Жамбыл мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында тұрған баспанадан тұтанып, әп-сәтте шатырының күлін көкке ұшырды. Қызыл жалын құрсауында қалған үйде 100-ге жуық адам болған екен. Олардың жиырмасы кішкентай бала. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тұрғындарды дереу қауіпсіз жерге көшіріп, өртті ауыздықтауға кіріскен. Дегенмен от 190 шаршы метр аумақты жалмап үлгеріпті. Абырой болғанда жапа шеккен ешкім жоқ.

«08 сағат 17 минутта Алматы қаласының төтенше жағдай департаментінің 101 пункіне 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатуы туралы ақпарат келіп түсті. Көп ұзамай 5 минут аралығында өрт сөндіру сарбаздары аталған  мекенжайға келген. Өрттің көзі толығымен 09:08 минутта жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда»,-деді  Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

көпқабатты үй
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир