|
23.08.2018 | 18:18
1487

Алматыда құлдықта болғандарға арналған паналау орындарында 60 адамға көмек көрсетілген

Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жыл басынан бері 28 қылмысты әшкерелеген. Оның ішінде адам саудасы, кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікпен айналысқандарды ұстау бар. Одан өзге, Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен арнайы жоба қолға алыныпты. Ол Орталық Азияда адам саудасы мен осал мигранттардың қорғалуын күшейтуге бағытталған.  

Адам саудасы дүниежүзі бойынша үшінші орында тұр. Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне сәйкес, әлемде 21 миллион адам еңбекке күштеп жегілген. Оның ішінде, 71 пайызды әйелдер мен балалар құрайды екен.  

Алматыда осы жылдың ақпан айынан бастап арнайы жоба қолға алынған. Ол Норвегия Корольдігі Сыртқы Істер министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.

«Аталған жобаны Норвегия Корольдігі қаржыландырады. Ол 3 жылға арналған. Тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы 5 мемлекетте іске асырылады. Қырғызстан, Өзбекстан еліне заңды түрде құжатпен оралған азаматтарға көмек көрсетеді. Ал бізде жағдай қиындау. Біз өзге мемлекеттен келген босқындарға құжатын жасап, қажетті көмекті көрсетеміз», – деді БҰҰ Көші-қон жөніндегі агенттігі Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Аниса ҚУАНОВА.

Бүгінгі таңда Алматыда құлдықта болғандарға арналған паналау орындары жұмыс істейді. Мұндай уақытша баспана 2 жылдан бұрын ашылған. Осы уақытқа дейін 60 азаматқа көмек көрсетіліпті.

«Адам саудасының құрбандарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылдың ақпандағы №138 бұйрығымен бекітілген адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, 8 қызмет түрі көрсетіледі. Осы 8 қызмет түрінің жиынтығы адам саудасының құрбандарын қоғамға отбасына интеграциялауға, қайта әлеуметтендіруге бағытталған», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Нұржамал РЫСҚҰЛОВА.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 212 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 1200-ден астамы ел аумағынан шығарылса, 23 мыңнан астам еңбек мигранты заңдастырылды.


Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

құлдық БҰҰ көмек
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир