|
21.02.2018 | 11:00
1277

Алматыда «Орбита» ықшам ауданынан «Райымбек» бекетіне дейін автобус бағыты ашылды

Алматыда 98-ші бағыттағы автобустар тұрғындардың сұрауы бойынша қайта жолға шықты. Су жаңа қоғамдық көліктер «Орбита» ықшамауданы мен «Райымбек» станциясы аралығында жолаушы тасымалдауға кірісті. Күнделікті жолға шығатын 12 автобустың жүру интервалы 14 минуттан аспайды. Күніне 3 мыңнан астам жолаушы тасымалдау жоспарда бар. Автобустың ұзындығы 12 метр. Көлік смарт құрылғыларға толы. Барлық қоғамдық көлік «Оңай» жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары да орнатылыпты.

«№98 бағыттағы автобустар 2014 жылдан бері қызметін тоқтатқан. Сол кезден бері тұрғындар аталған бағытта қайта шығаруды сұрап жүр еді. Қазір енді әкімдіктің көмегімен қоғамдық көліктер жолға шықты. Автобустар заманауи талаптарға толық сай келеді», - деді Алматы қалалық мәслихат депутаты Вячеслав БАНЩИКОВ.  

Қаперде болса, транспорттық реформа аясында Алматыда 17 бағыттың автобусы жаңарды. Сонымен қатар, №77, №1 және №201 бағыттар бойынша қоғамдық көліктер жүре бастады. Сондай-ақ қаланың шеткі аудандарына 10 түрлі бағытта жүретін автобус шығарылған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жаңа автобус
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир