|
23.02.2018 | 17:57
1473

Алматыда отандық жаңа фильмнің тұсаукесері өтті

Алматыда Алаш арыстарының тар жол, тайғақ кешуі жайында түсірілген «Тар заман» атты фильмнің тұсаукесері өтті. Туындыны қалың көпшілік барлық кинотеатрлардан көре алады. Туындыда 20-шы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының отаршылдықтан азат ету жолындағы күресі баяндалады. Режиссер көрнекті Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай мен Жүсіпбек Аймауытовты сомдаған актерлерді еліміздің әр өңірінен тапқан. Кастинг кезінде зиялылардың портреттік ұқсастығына аса мән берілген. Түсірілім Қазақстанның бес қаласында өтіпті.

«Рулық қоғамнан мемлекеттік қоғам құру талпынысы. Ең басты мақсат сол. Өйткені, сол кезде қазақ интелегенциясының пайда болуы, Қазақ интелегенциясының алға қойған мақсаты, сол мақсатқа жету үшін қандай іс-әрекеттерге олар барды? Сол мақсаттарына жете алды ма? Жете алмады ма? Тарихи тұлғалардың өздерінің 100 шамадан астам персонаж болды. Қойылымда 200-ден аса образдар болды», - деді «Тар заман» фильмінің режиссері Мұрат БИДОСОВ.

«Біз өзіміздің Жантөрин театрында «Әлиханның аманаты» деген спектакльды қойған болатынбыз. Сол кезде Бөкейхановтың рөлін сомдағам. Дәл Әлихандай болу қиын ғой. «Болмасаң да ұқсап бақ» дейді. Қолдан келгенше тырыстық. Мысалы, Шуда түсірілімде күннің ыстығы 50 градусқа дейін жетті. Сондай бір қиыншылықтар болды», - деді Маңғыстау облысы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының актері  Медғат ӨМІРӘЛИЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир