|
05.04.2018 | 19:28
3720

Алматыда пәтерлерді алаяқтық жолмен сатты деп күдіктелетін полицей 18 жылға сотталуы мүмкін

Лауазымын асыра пайдаланып, «жалғызбасты әйелдің қос пәтерін қулықпен сатты» деген айыппен сотталып жатқан алматылық полицей 18 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Ал оның сыбайласы 15 жылға сотталуы ықтимал. Бүгін Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотта өткен жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы қос күдіктіге осындай жаза сұрады. Әрі, бірнеше бап бойынша айып тағылған бұрынғы полицейге осы қызметті атқаруға өмірбақи тыйым салуды ұсынды. Сондай-ақ жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеуін талап етті. 

«Оңғарбаев Арлиді Қылмыстық Кодекстің 28-бабының 3-тармағы, 99-баптың 2- тармағының 7,8,10 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ ол 362-баптың 4- тармағының бірінші бөлімі бойынша - 6 жылға, ал 190-баптың 4-тармағының екінші бөлімімен - 6 жыл 8 айға сотталсын. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша оған бас-аяғы 18 жыл жаза мерзімі тағайындалсын. Ал сыбайласы Жаңабаев Әлішер де жасаған қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, оның бас бостандығын 15 жылға дейін шектеуді сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Жанэль БУЛАТОВ.

Естеріңізге сала кетсек, айыпталушы орындығында отырғандар Әуезов ауданының бұрынғы учаскелік полицейі Оңғарбаев Арли мен оның сыбайласы Жаңабаев Әлішер. Қос азамат қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталуда. Тергеу материалдары бойынша, күдіктілер 2015 жылы жалғызбасты әйелді қулықпен алдап, оның қос пәтерін сатып жіберген. Сөйтіп, қомақты қаржыны қалтасына басқасын, келіншекті шетел асырып, ал ұлын өлтірмек болыпты. Қазір қамаудағы тәртіп сақшысы өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр. Ал сыбайласы кей қылмысты жасағанын жасырмай, кінәсін ішінара мойындауда.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

пәтер
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир