|
18.05.2018 | 10:12
1444

Алматыда ПИК жұмысы электрондық жүйеге көшуде

Алматыдағы екі мыңнан аса тұрғын үйдің тұрғындары есептеу құралының жоқтығынан артық төлем жасап келеді. Қазір қала бойынша мұндай құрылғы жеті мың үйге орнатылыпты. Бұл арқылы әрбір тұтынушы қанша энергияны пайдаланғанын біліп отырады.

Әр пәтерге қанша жылу берілді, ыстық судың көлемі қанша? Есепке алу құрылғысы мәліметті сағат сайын өңдеп отырады. Температура мен судың деңгейін өлшейтін бұл аппарат арқылы әр тұрғын кеткен шығынды біле алады. Деректер қорын пәтер иелері кооперативі тексеріп отырулары тиіс. Егер жүйеде ақау табылса, белгі беріледі.

«Бұл жүйе пайдалы. Неліктен? Өйткені бір үйге қанша температура жылу келгенін білуге көмектеседі. Тұтынушылар да сәйкесінше, пайдаланған жылуға төлейді. Ыстық судың бағасы да жылуға тікелей байланысты. Мысалы, үйде қанша адам тіркелсе, есептеу құралдары үйдегі әр адамға текше метрді есептеп береді», -деді «Орбита-1» ПИК төрайымы Галина ПОТЕШКИНА.

Деректерді ешкім өзгерте алмайды. Қызметкерлердің өздері мәліметті тек көшіріп қана алуға мүмкіндігі бар. Қазір мұндай құрылғылар қаладағы жеті мыңнан аса үйге орнатылған.  Ал екі мыңнан аса тұрғын жылу мен ыстық суға бұрынғы жүйе бойынша төлем жасайды.  Яғни, жалпы сома тұрғындарға теңдей бөлінеді.

«Әр есептеу құралы қызмет көрсетуді талап етеді. Егер қараусыз қалса, шығынды есептеу, көрсеткіштерді белгілеу қиынға соғады. Күн сайын қадағалап отыру бүгінде GSM модемнің көмегімен жүзеге асады. Ол үшін Алматы жылу жүйелерінің сайтына кіріп, көрсеткішті қарап отыруға мүмкіндік бар», - деді «Алматы жылу жүйелері» ЖШС бөлім басшысы Дмитрий ФЕДЮКОВ.

Бұдан бөлек, енді шығын көрсеткіштерін, үйді күтіп-ұстауға қажетті қаражатты «Электронды ПИК» қосымшасы арқылы біліп, кооператив жетекшілерімен үйден шықпай-ақ байланысуға болады. Жобаны жүзеге асыру келесі жылға жоспарланған, ал әзірге жүйе нақтыланып жатыр.

«Біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Пәтер иелері кооперативі арқылы электрондық қызмет көрсету жүйесін енегізбекшіміз. Яғни, әр тұрғын электронды түрде өтініш беріп, электронды түрде дауыс беріп, тіпті, ПИК есебімен де таныса алады. Бұл тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар ӨСКЕНБАЕВ.

Айта кетейік, бұл қосымша арқылы әр пәтер иелері кооперативінің қызметі жіті бақыланады. Өткен жылы тексерілген 260 кооперативтің 104-нен олқылық табылған.


Азамат Әуезхан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

электронды
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир