|
05.12.2016 | 09:37
1818

Алматыда тарихи оқиғадан хабар беретін естелік тақта ашылды

Күні кеше елімізде Тұңғыш Президент күні тойланып, мереке аясында тарихи оқиғадан хабар беретін естелік тақта ашылды. Республика сарайы алдына жиналған халық ізгі тілектерін білдірді. Барлығы Тұңғыш Президент күніне орайластырылған мерекелік бағдарламаны тамашалауға келген. Айта кетейік, 2011 жылы Парламент қабылдаған заңға сәйкес, 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда тойланып келеді.

Алматылықтарды айтулы мерекелерімен құттықтаған қала әкімі Бауыржан Байбек тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімізге тоқталды. Осы уақыт аралығында ел экономикасы 24 есеге, қазақстандықтардың табысы 21 есеге артқанын және 50 дамыған мемлекеттер қатарына кіргенімізді де тілге тиек етті. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына елбасының тапсырмасымен жергілікті қазынадан әлеуметтік және бюджеттік сала мамандары бір айлық көлемінде сыйақы беріледі.

«Елбасының сындарлы саясатының арқасында ел экономикасы нық қадам басып, өркендеу жолына түстік. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық саяси реформаларды жүзеге асырдық. Жуырда ғана елбасы атап өткендей, 25 жылдықтың ең маңызды үш жетістігі: бұл біріншіден, жаңа мемлекет Қазақстанды құру; екінші, Астананы салу; ал, үшінші, мемлекетаралық шекарамен бекінген, барлық көршілерімізбен достық қарым-қатынастағы біздің сыртқы саясатымыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир