|
05.04.2018 | 19:50
1997

Алматыда үздік әлеуметтік жобаларға байқау жарияланды

Алматыда әлеуметтік жобалардың үздігі анықталып, жеңіп шыққандарға грант бөлінбек. Жаңа идеясын таныстыруға 160-қа жуық адамнан өтініш түскен. Қоғамға пайдалы, әрі құны айтарлықтай қымбат емес жобалар бірінен бірі өтеді. Мәселен, зағиптарға арналған интерактивті интернет-радио, аналарға арналған мобильді қосымша мен еліміздің тарихи ескерткіштерінің 3D үлгідегі мұражайын құру сынды қызықты жұмыстар бар. Жаңғыру, әлеуметтану, эволюция тақырыбына арналған жәрмеңкенің өтуіне Тұңғыш Президент қоры ұйтқы болып отыр. Жеңіп шыққан 10 адамға 40 миллион теңгенің гранты берілмек.

«156 жоба келіп түсті. Ең қызығы - жобаға қатысушылардың ішінде үлкен кісілерде бар. Ең үлкені 67 жаста. Қазақтың ұлттық дәстүрі, заттарының жобасымен қатысып жатыр. Қазақтың дәстүрімен таныстыру үшін мынау киіз үй құсап ағаш егіледі жерге. Кейін ол өскенде киіз үй болып шығады», - деді Ұлттық кітапхана директоры Жанат СЕЙДУМАНОВ. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

өнер Жоба
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир