|
27.11.2017 | 16:48
1851

Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды

Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды. «Шебер-2017» республикалық байқауының соңғы кезеңі өтті. Бармақтары буынсыз қолөнершілер мұндай шараның ұйымдастырылғанына дән риза. Байқауға Қазақстан бойынша 90 өтініш келіп түскен. Ақтық сайысқа 36 бұйым өтіпті. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды. Жыл өткен сайын әділқазылар үздік шеберді анықтау қиынға түсіп жатыр, дейді.  Себебі, қолөнер бұйымдарының сапасы жылдан-жылға жоғарылап барады. 2017 жылдың ең үздік шеберіне Қазақстан қолөнершілер одағының арнайы марапаты - «Хас шебер» атағы берілді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир