|
22.01.2018 | 09:56
1274

Алматыда №201-ші автобус бағытына өзгеріс енгізілді

Жуырда ғана халықты тасымалдауға жолға шыққан № 201-ші автобус бағытына өзгеріс енгізілді. Енді қаладағы ең ұзын қоғамдық көлік «Халық Аренаға» дейін қатынамақ. Бастапқыда Яссауи көшесінен бастау алып, Төле би бойымен Шығыс айналма жолына дейінгі жолды жүріп өтетін. Жолаушылардың өтініші бойынша, жүріс жолы Талғар тасжолына дейін ұзартылады. Еске салсақ, №201-ші бағыттағы автобус желтоқсанның соңында ел игілігіне берілген болатын. Экологиялық жоғары классты саналатын қоғамдық көліктің сыйымдылығы 180 адамнан асады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

өзгеріс
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир