|
18.04.2018 | 19:48
1598

Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады

Алматыдағы Абай даңғылын созу жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді. Жалпы, даңғылды созу жұмыстары үшке бөлініпті. Қазір Наурызбай ауданындағы бір бөлігі біткен. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады. Ал екінші бөлігінің ұзындығы 2 шақырымға жуық. Құрылыс құны 8 миллиард теңгені құрап отыр. Ал одан кейінгі бөліктің ұзындығы 1 км 250 метр. Оның құны 2,5 миллиард теңге. Жауаптылардың сөзінше, құрылыс жұмыстарына қосымша қаржы керек. 

«Қазіргі уақытқа 110 миллион теңге бөлініп тұр. Оның жұмысын біз бірақ жалғастырып жатырмыз. Республикалық бюджетке қаржыландыруға тапсырыс беріп қойғанбыз. Бюджеттен қаржыландыру керек. Толыққанды осы 2 учаскенің біздің жобамыз бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында тапсыруымыз керек»,- деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Ал Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне қосу осы жылдың қыркүйек айында аяқталады. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлініпті. Ал үйлерді сатып алуға 3,9 миллиард теңге керек екен. Егер қаржы берілетін болса, 177 үй сүріледі.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир