|
06.09.2018 | 17:54
1281

Алматыдағы жаяу жүргіншілер аумақтары кәсіпкерлерге мол табыс әкеле бастаған

Жаңарған Панфилов пен Жібек жолы көшесінен кәсіпкерлер пайда табуда. Сауда және тамақтану орындарына келетін келушілер саны мен олардан түсетін пайда 40 пайызға артыпты. Ал аймаққа жасалған құрылыс жұмыстарынан кейін шағын сауда мен тамақтану нүктелерінің саны 17-ге көбейіпті. 

Панфилов көшесі бойында орналасқан мына тамақтану орны алматылықтарға таңсық емес. Бірақ ондағылар көше жаңарғаннан кейін келушілер саны мен олардан түсетін пайданың артқанын айтады. Бұл өз кезегінде, алдымен туризмді, содан соң кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.  

«Біздің мекемені алматылықтар бұрыннан біледі. Өзіміздің тұрақты келушілеріміз бар. Бірақ бір қуантарлығы, Панфилов көшесі жаңғыртудан өткеннен кейін, түсетін пайда мен келушілер саны бірнеше есеге өсті. Әрине, бұл бізді қуантады. Әсіресе демалыс күндері бос орын болмайды», – деді мейрамхана басқарушысы Эльдар ХАЛИКОВ.

Панфилов, Жібек жолы көшелерінде жаяу жүргіншілерге басымдық берілгеннен кейін тамақтану және сауда нүктелерінің саны 17-ге артыпты. Биыл тағы бесеуі қосылды. Олар арнайы аукцион арқылы сатылған. Аталған көшелерде саудасын қыздыруға 12 кәсіпкер таласқан көрінеді. Бірақ жоғары баға ұсынғандар енді бұл аумақтан табысқа кенелмек. Жалға төлейтін сома да бәссауда арқылы белгіленген.

«Көшелерді жөндеуден өткізгенге дейін 26 сауда және тамақтану нысандары болған еді. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, қосымша 17 нысан өз жұмысын бастады. Биыл Алматы қаласының Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірге тағы 5 тамақтану орнын аштық. Бұл нысандар аукцион арқылы жалға берілді. Кәсіпкерлерге ыңғайлы деп айта аламын», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытжан НАУРЫЗБЕКОВ.  

Басқарма басшысының айтуынша, аталған 48 сауда және тамақтану орнынан басқа нүктелерді ашу қарастырылмаған. Өйткені, бұл көшелерде жүргіншілерге басымдық берілген.


Азамат Әуезхан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир