|
10.01.2017 | 12:02
1384

Алматыдағы ХҚКО жаңа жұмыс кестесіне ауысты

Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында уақытша тіркеуден өтуге келген қала тұрғындары толастамай тұр. Тіркелу жұмысын жақсарту мақсатында орталық қызметкерлерінің жұмыс уақыттары да ұзартылды. Соңғы демалыс күндерінің өзінде жалпы ел бойынша 16 мың азамат тіркеуден өтсе, оның ішінде Алматы қаласында 3600-ге жуық адам уақытша тіркелген. Қазір тұрғындар қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркеуден өте алады. Қызметкерлер жұртшылыққа қалай тіркелу керектігін және қандай құжаттар қажет екенін тәтпіштеп түсіндіруде.

«Үй иесі өзі келеді және отырғызатын адамдардың жеке куәліктерімен, кәмелетке толмаған балалар болса олардың туу туралы куәліктерін алып келеді, ИИН-дері бөлек болатын болса, оны қоса алып келеді.  Кішкентай балалардың шетелде паспорты болса оны да әкелу міндетті. Халықтың көп болуына сәйкес біздің жұмыс уақытымыз да өзгеріп жатыр. Таңғы 8-ден бастан кешкі 8-ге дейін  жұмыс істейтін болдық», - деді Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Азамат БИГЕЛЬДИЕВ.

Сонымен қатар бұрынғы тіркелген  тұрақты орыннан шығудың қажеті жоқ.  Егер адам 10 күнге дейін қысқа мерзімге келсе тіркелу қажетсіз, ал, 1 айдан астам уақыт болатын болса уақытша тіркелуге тура келеді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын және тұрғындарға әзірге айыппұл салынбайтынын атап өткен болатын. Орталық мамандары халықты жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

«Ел-жұрттар келіп айтып жатыр,  тіркелу міндетті емес учаскелікке ақша берсек болды деп. Оның бәрі өтірік, ондайға сене бермеңіздер. ХҚКО-да тіркелу міндетті. Учасковыйға ақша беріп сонымен тіркелем деп ойламаңыздар. Себебі жүрген жерлеріңізде тоқтатқан кезде ешкімге дәлелдей алмай қаласыздар. Сол үшін базада тіркелу міндетті», - деді Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Азамат БИГЕЛЬДИЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир