|
27.10.2017 | 16:24
1934

Алматыдағы қылмыс ең көп жасалатын аудан - Алмалы

Алматыдағы қылмыс ең көп жасалатын Алмалы ауданы екен. Прокурорлардың мәлімдеуінше, жыл басынан бері онда 10 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұған халықтың көп шоғырланғаны да себеп сияқты. Жалпы соңғы 9 айда қалада 48 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бірақ бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға төмен. Әсіресе, ауыр қылмыс 35 пайызға азайыпты. Алайда, Алматыда да ұрлықты ауыздықтау мүмкін болмай тұрған көрінеді. Тіркелген заң бұзушылықтардың тең жартысы өзгенің мүлкін тонау деректері. Құзырлылар осыған орай «ұрлыққа тоқауыл» жобасын әзірлеп, қала аумағында бейнебақылау камераларын көбірек орнатуға үндеуде.

«Қылмыстардың санаттарына байланысты барлық түрлерінде азаю байқалып отыр. Адам өлтіру бойынша, ұрлық болсын, ұялы телефондарды ұрлауға байланысты. Солардың барлығының тіркелген пайыздары төмендеп отыр. Бүгінгі күні аса ауыр жасалған қылмыстардың ашылу пайызы 90 пайыздан жоғары. Алматы бойынша, адам өлтіру 100 пайызда ашылып отыр», - деді ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарма басшысы Ерлан ӨТЕГЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир