|
17.11.2017 | 17:14
1368

Алматыдағы операция нәтижесінде ұсталған күдікті сот санкциясымен қамауға алынды

Алматы орталығындағы арнайы операция нәтижесінде ұсталған күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. 1994 жылғы Әлеуханов Дәурен Тұрсынұлы екі айға қамалды. Осыдан үш күн бұрын Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, екі азаматты қолға түсірген еді. Күдіктілер мінген көліктен жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленді. Қала ішінде атыс қаруын алып жүрген екеуге қылмыстық кодекстің 287-ші бабы 3-ші тармағы бойынша, яғни  қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау айыптарымен сотқа  дейінгі тергеу  басталды.

«Әлеухановты ЛА155/4-1  мекемесінде қамауда ұстасын. Қамауға жариялау үш тәулік мерзімінде Алматы қалалық сотынан Бостандық аудандық соты арқылы шағымын арыздануға болады»,-деді Алматы қалалық сотының судьясы, Әділ БАКИН. 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир