|
06.06.2018 | 22:36
1440

Алматыдағы саябақтарда бизнесмендер кәсібін заңсыз жасап келген

Алматыдағы саябақтарда бизнесмендер кәсібін заңсыз жасап келген. Демалыс орындарын тексеруге барған салықшылар біраз заңбұзушылықты анықтады. Бір ғана Орталық демалыс саябағындағы 13 сауда нүктесінде бақылау кассалық аппараттың жоқтығы, ал 10 орында POS-терминалдың орнатылмағаны белгілі болды. Он күн бұрын ескерту жасап кеткен мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бүгін ол орындарды қайта тексеруге барды. Әріптесім Перизат Көмекбайқызы тарқатсын.

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мұндай тексеру барысында кәсіпкердің салық органында тіркелгенін, кассалық аппарат және пос терминалдың бар-жоқтығын қарайды. Салықшылар демалыс орындарын аралап, арнайы құрылғыларды орнатпаған бизнесмендерге ескерту жасап кеткен. Бүгін қайта қарап шыққан мамандар көбінің ескертуге құлақ аспағанын анықтады.

- Контрольно кассовая машина имеется.

- Где?

- Его сейчас привезут.

- Покажите.

- Привезут сейчас.

- На момент проверки данная кассовая машина отсутсвует.

- соответственно данное заведение работает без контрольно кассоввой машины. Которая предназначено для учета наличных денег.

Ал бұл балмұздақ сататын орын иесі жұмысын бастағанына небәрі екі күн болды деп ақталды. Десе де, салық кодексіне сай, сауда орнының барлығында кассалық аппарат және Пос терминал болуы тиіс.

получается при осуществлиении торговли вы не выбиваете чек клиентам да?

- соответственно вы не законно работаете ведете свою деятельность.

Тексеру жүргізілген Орталық демалыс саябағында 150-ден астам сауда нүктесі бар. Тіркелген кәсіпкерлер саны 50-ге жуық. Соның ішінде кейбір бизнесмен бірнеше сауда орнында қызмет жүргізеді дейді салықшылар. Кәсібін дөңгелетіп отырғандардың екеуі кассалық аппарат пен қос орында Пос терминал орнатпаған болып шықты.

«Бірінші рет салынғандарға жеке кәсіпкерлерге ескерту. Оның ішінде бір жылда тағы да қайталанса, 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады Пос терминал бойынша. Ал, кассалық аппарат жоқтарына да бір жылдың ішінде ескеру беріледі. Бір жылдың ішінде қайталанса, оларға 15 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады»,-деді Алматы қаласы медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Ержан ЕСЕНҒАЛИ.

Салықшылар тексеру жұмыстарын тек демалыс орындарында ғана емес, сауда орталықтары мен базарда да жүргізеді. Ресми мәлімет бойынша, Медеу ауданында 20 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелген. Ал қала бойынша олардың қатары 109 мыңнан асып жығылады.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир