|
18.05.2018 | 11:12
1344

Алматыдағы университеттердің бірінде Әзербайжанның тарих және мәдениет орталығы ашылды

Бұл осымен Қазақстанда ашылған 4-ші аудитория. Жуық арада орталық маңынан Әзербайжан халқының өкілдері кітапхана және бейнемұрағат залын іске қосуды жоспарлап отыр. Онда студенттер әзербайжандықтардың тарихымен жақын таныса алады. Сондай-ақ орталықта Бакуден арнайы әкелінген кітаптар мен құнды деректердің көрмесі өтті.

«Әзербайжан елінің, халқының осындағы бір өкілдігі деп санаймыз. Сондықтан да бұл жерде құнды материалдар қойылған. Әзербайжанның тарихы, Әзербайжанның мәдениеті, Әзербайжанның үлкен тұлғалары сонымен қатар Гейдар Алиевтың үлкен құжаттары осында тұр. Бұлар біздер үшін үлкен мәртебе, мақтаныш»,-деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр МҰТАНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир