|
10.04.2018 | 10:38
1662

Алматыдан ШҚО-ға гуманитарлық көмек жөнелтілді

Су тасқынынан таршылық көріп отырған Аягөздің халқына сырттан оралған қандастар гуманитарлық көмек көрсетті. Қайырымды жандар қиыншылыққа тап болған шығыстың жұртына  жәрдем ретінде бір камаз тауарды тағы жөнелтті. «Нұр Отан» партиясының Алматы  қалалық филиалы 3 жарым миллион теңге жинап, ақшаны арнайы ашылған есепшотқа аудардық дейді.

Алматы тұрғындары тасқын шайған Аягөз ауданына қажетті көмекті жинау үшін 2 апта азық-түлік пен киім-кешекті жеткізген. Арнайы қабылдау орталықтары қаланың 8 ауданында қызмет көрсетті. Нәтижесінде, жиналған көмектің көлемі 2 тоннаға жеткен. Оған қоса, табиғат апатынан зардап шеккендерге арнайы ашылған «Болашақ Аягөз» есепшотына 3,5 миллион теңге қаржы аударылған.

«Бұзылмайтын тағамдар: күріш, ұн, қант, макарон, вермишель секілді азық-түліктерді ғана жіберіп отырмыз. Өйткені өздеріңіз білесіздер, бір тәуліктен аса жол жүреді. Сондықтан кез келген тағамды, мысалы, басқа май секілді оларды біз жөнелтпейміз. Тек жылы киімдер, сыртқы киімдер, балалардың киімдері ойыншықтар бар арасында. Соның барлығы енді аз да болса  сол жердегі қиындық көріп отырған ағайындарымызға алматылықтардың қол ұшы деп есептейміз», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар ТӘБЕЕВ.

Баспанасыз қалып, барынан айырылған алыстағы аякөздік ағайынға  Қытайдан келген қандастарда  қап-қап киім, қапшық толы тамақ жіберіп жатыр. Қандас кәсіпкерлер қиын кезде қол ұшын созу қара суықта қалған жандардың қажетін толық өтемеседе  жандарына жылу силап, халықтың өздерімен бірге екендіктерін білдіру дейді. Ұн, күріш, макарон, сұйық май сынды ұзақ сақталатын 12 тонна тамақты түгел тиеді. Қиын сәтте жұмыла білген қандастар жиналған заттар ауылдағы  400 отбасын кемінде бір апта асырауға болады дейді.

«Осы алған затымыз қиыншылық болған отбасыға тисе дейміз. Оларға, халыққа айтатынымыз, қиыншылық болған Аягөз халқына, басқа да қиыншылық болып жатқан халыққа біз әрқашан біргеміз. Олардың басына туған күнге қайғысын біз ортақпыз», - деді  кәсіпкер Қанат ТҰМАРБЕК.

Белсенділер жиналған жүкті жеткізу үшін жолға шықпақ. Ол көмекке мұқтаждарға сәрсенбі күні табысталатын болады.


Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир