|
05.04.2018 | 11:03
1870

Алматылық 10 жастағы балаға шұғыл түрде көмек керек

Алматылық 10 жастағы балаға шұғыл түрде көмек керек. Ауыр сырқатқа шалдыққан Айбек есімді жасөспірімнің өкпесіне су толған. Ата-анасы баланың осы жылдың ақпан айында ауырып, ауыр хәлде ауруханаға түскенін айтады. Тек ол кезде отандық дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймағандықтан, тиісті ем жүргізілмей келді, дейді анасы. Үміттері үзілмеген ата-ана бар жиған-тергенін алып, ұлын дереу Оңтүстік Кореяға емдетуге алып кетіпті. Қазір отбасының шетелде 2 аптадан бері тек анализ өткізудің өзіне 10 мың АҚШ доллары кеткен. Енді ауруды анықтап, тиісті ем жүргізу үшін ата-анаға қомақты қаржы керек. Амалы таусылған анасы халыққа үндеу жариялап, арнамыз арқылы жұртшылықтан көмек сұрауға мәжбүр.

Құрметті халқым! Мен мамасы Оңалбаева Венера, ұлымыз Жебеген Айбектің еміне көмек сұраймын. Зерттеу құны бір бөлек, диагноз қойылған соң емдеу құны бір бөлек. Осымен, ары қарай зерттеу және диагнозын қойып, емін бастау үшін халықтан қаржылай көмек сұрап жатырмыз. Баршаңызға, алдын ала алғысымды білдіремін! Сіздерден қаржылай көмек сұраймын.

Өмірге құштар Айбек Жебеген мектептің оқу озаты, керней мен фортепиано мектебіне барады. Бірнеше фестивальдерде, конкустарда ешкімге дес бермей, жүлделі орындарды иеленіп келген. Сондай-ақ,отандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінде басты рөлді сомдаған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир