|
25.12.2017 | 17:01
1505

Алматылық өрт сөндіру бөлімшелері жаңа техникамен толықты

Алматылық өрт сөндіру бөлімшелері жаңа техникамен толықты. Жергілікті бюджет есебінен  Төтенше жағдайлар Департаменті гарнизонына үш «АЛ-32» автосатысы, сегіз жедел жүретін автокөлік, төрт өрт автоцистернасы және өзге де арнайы техника берілді. Алатау ауданындағы №15 мамандандырылған өрт сөндіретін бөлімге барған Алматы әкіміне жаңа техниканың бар мүмкіндіктері айтылды. Мәселен, «АЛ-32» автосатысымен көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіруге және адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға болады. Ал жол талғамайтын автоцистерналар таулы жер мен бау-бақты жерлердегі тілсіз жаумен күресуге мүмкіндік береді. Жылдам жүретін джип автомобильдері ықшамды болғандықтан кептелісте аялдамай, оқиға орнына тез жете алады. Бұған дейін алматылық өрт сөндірушілерге еліміз бойынша алғаш рет арнайы мотоцикльдер табысталған. Соның арқасында 7 айдың ішінде 69 қызыл жалын сөндіріліп, мамандар 2 адамның өмірін құтқарып қалған. Алдағы уақытта Алматы қаласы әкімінің бастамасы бойынша сел апатын алдын-алу үшін қауіпті шатқалға 2 бөгет орнатылады. Қарғалы өзені жағалауын нығайту мәселесі шешілді. Бұдан өзге, №6 моренді  көлдің суын азайтудың инженерлік шешімі қаржымен бекітілді, соның арқасында көл суын 310 мың  текше метрден 140 мың текше  метрге  дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Оған қоса, келесі жылы Наурызбай және Бостандық ауданына бөлінген жерлерге екі жаңа өрт сөндіретін бөлімдер салынбақ. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир