|
22.09.2017 | 22:03
1101

Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында халықаралық бақ шоуы басталды

Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ландшафт дизайнерлері және флористердің қатысуымен халықаралық бақ шоуы басталды. Фестивальге жиналған бағбандар өз өнімдерін көпшілікке көрсетуде. Шараға қатысушылардың арасында Мәскеуден және Бішкектен келген танымал дизайнерлер, бағбандар мен флористер бар. Фестиваль 24 қыркүйекке дейін жалғасады.


«Фестивальді өткізудегі мақсат - қарапайым халыққа бақшаны көріктендірудің жаңа тәсілдерін көрсету. Ландшафттық дизайнның бар екенін тұрғындарға түсіндіру. Яғни, мұнда келген адам, өсімдіктерге қарап, концерттік бағдарламаны тамашалап қана қоймай, бағбандардан кеңес ала алады», - деді фестиваль ұйымдастырушысы Наталья НИКУЛИНА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир