|
17.11.2017 | 17:02
2891

Алматының сейсмикалық картасы жаңартылуда

Жер сілкінісі жеңіл сатыда өтті. Төтеншеліктер Алматыда сезілген жер дүмпуіне осындай баға берді. Айта кетейік, кеше таңғы сағат 7.42-де жер сілкінісі сезіліп, 2 балдық көрсеткішті құраған. Дүмпу эпицентрі қаладан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде орналасқан Қырғызстан аумағында жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы жалпы Алматы өңірінде мұндай жер асты дүмпулері жылына шамамен 200 рет болып тұратынын айтты. Брифингте Алматының сейсмикалық картасы жаңартылып жатқаны белгілі болды. Оның негізінде қаладағы ғимараттардың сейсмикалық жағдайы тексеріліп, нысандар құжаттандырылады. Бұл жоба құзырлы орындармен мақұлданып, бұл үшін қазынадан 800 миллион теңге бөлінген.

«Биыл қаладағы нысандарды құжаттандыруға 800 млн теңге бөлінді. Мердігер де анықталды. 7 мың 27 ғимаратты тексеру үшін 714 млн теңге бөлу туралы келісім шарт жасалды. Мұндай зерттеулердің нәтиежесінде құрылыс ережелеріне өзгерістер енуі де мүмкін”, - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік ӘУБӘКІРОВ.

2020 жылға дейін қаладағы 183 нысанды сейсмотұрақты ету жоспарланыпты. Соңғы екі жылда 51 нысан сейсмикалық тұрғыда беріктелген. Көбіне бұлар әлеуметтік ғимараттар, мектептер мен емханалар. Нысандардың жер сілкінісіне төтеп беру күші кейінгі бес жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өссе керек. Сондай-ақ халық қауіпсіздігі үшін ескі үйлерді сүру бағдарламасы аясында 56 үй қайта тұрғызылған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир